Мектеп жасына дейінгі баланың қызығушылығы  мен шығармашылық әлеуетін, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызы зор.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының біліктілікті арттыру  курс тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласындағы №7 «Арман» МДҰ  базасында «Тәрбиешінің шеберлік сатысы» тақырыбында тәжірибе күні ұйымдастырылды.  МДҰ меңгерушісі   Ж.Есенова мектеп жасына дейінгі   балалардың  тілдік, танымдық, шығармашылық қабілетін дамуында театр түрлерін  кеңінен қолданатындықтарын атап айтты. Тәрбиешілер  Ж.Утепова, Г.Макатова, Б.Өмірбекова  мектепке дейінгі жастағы балалардың  сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар және театрлық қойылымға  үйлестірілген өлең жолдары  балалардың сөйлеу дағдыларын орнықтыра түсетінін заманауи үлгідегі  ұйымдастырылған  сабақтар арқылы жеткізе білді.

Тәжірибе күнінде тыңдаушылар № 7 «Арман» мектепке дейінгі ұйымының ұжымына жүргізілген іс-шара мен оның практикалық маңыздылығына оң бағаларын беріп  алғыстарын білдірді.


Букенова С.С.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.