«Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастыру- дағы кітапхананың ролі»тақырыбындағы мектеп кітапханашыларына арналған біліктілікті арттыру курсының аясында қаламыздағы №17 ЖББ мектеп-гимназиясында «Мектеп кітапханасының  ақпараттық-білімдік ортасы» атты семинар өткізілді.

Семинар мектеп кітапханасына экскурсия жасаумен басталып, кітап оқуды насихаттау жөніндегі жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерінің тұсаукесерімен жалғасты.Одан әрі оқушылар легімен ұйымдастырылған кітап флешмобы және «Кітап немесе Ғаламтор: жақтаймыз ба әлде қарсымыз ба?» атты дебаттың қызықты талқылауларымен көрнекілене түсті.

Рухани жаңғырудың жарқын жолы коучингімен  Отан жүрегі –Астанаға арналған эссе, шығармалар байқауы семинарға қатысушыларды өзгеше бір  бірегейлігімен қызықтырды.

Кәсіби шеберлікті шыңдаудағы кәсіптік флэш тренингі және рефлексия тыңдаушыларға іс-тәжірибеден алынар мол шеберлік сағатындай болды. Семинар соңында  кітапханашылар жоғары деңгейде ұйымдастырылған ұжымға  ризашылықтарын  білдірді. 

 

Назарбаева Р.К.

ақпарат  орталығының  маманы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.