Институт жоспарына сәйкес  ағымдағы жылдың 15 ақпан күні  бейнелеу өнері және сызу, технология пәндері мұғалімдерінің   арасында  Темір ауданының технология пәні мұғалімі Н.С.Жакыбаевтың қатысуымен ұйымдастырған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі мастер – класс өткізілді.

Шебер-кластың мақсаты: дәстүрлі халықтық қолөнерді сақтау мен насихаттау, сәндік-қолданбалы өнердің жаңа бағытындағы талантты шеберлерді анықтау және қолдау, халық шығармашылығындағы мәдени мұраны сақтау. Ғасырлар бойы қалыптасқан сәндік-қолданбалы өнер халықтық дәстүр дамуында маңызды рөл атқарады. Өткізілген шебер-класс барысында ең бастысы ақпаратты беру емес, тәжірибелік қызметтің әдістері немесе технологиясы басты болып табылады. Іс-шараға облыстың аудандары мен  Ақтөбе қаласынан технология, бейнелеу өнері және сызу пәндерінен 49 мұғалім қатысты. Шебер-класс педагогтердің  кәсіби шығармашылығын дамытуға ықпалын тигізді.

Сәндік-қолданбалы өнердің арқасында біз халықтық мәдениетке жақындаймыз, қоршаған әлемнің сұлулығын танимыз, өзіне деген сенімділік арттыра отырып өз қолдарымен шығармашылық әлеуеттерін арттырды.

Бухарбаев Б.К.,

кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.