Ұжымдық кітап оқудың ерекшелігі - бірлесе талқылау мен кітап оқуға деген қызығушылықты арттырады. Топ болып пікірлесуде әр оқырманның өзіндік  талғамындағы ой – өзегі  айқындалады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ  ақпараттық орталығы мектеп кітапханашыларына арналған  біліктілікті арттыру курсының аясында тыңдаушылармен  Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» хикаятын оқыды.

Жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресі арқылы кейіпкердің ішкі жан сарайына үңілген бұл шығарма қатысушылардың қызу талқылауына ие болды. Өр Алтай өңірінің табиғатымен үндескен хикая әлі де қайталана оқылар шығармалар  қатарында  өз оқырманын  кітап оқуға шақырады.

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығының маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.