Мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған курс тыңдаушыларына 2018 жылдың 16 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының таныстырылымы болды.

Таныстырылым барысында институт  директорының орынбасары, п.ғ.к  Н. Қ. Кибатаева  Тәуелсіз мемлекет құрудағы Елбасының рөлі туралы айтып өтті. Адам капиталының жаңа сапасына  мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының  меңгерушісі, п.ғ.к.А.Туксанбаев  тоқталды.

Тыңдаушы педагогтар А. Иркатанова, Б. Жақсылық, Р. Кулмурзина  Кітап беттерінде Қазақстанның іргетасы қаланған сәттен бастап, егеменді ел болу кезеңдері сипатталғаны жөнінде баяндады.

Баяндамашы  Р. Назарбаева өз сөзінде кітапхана қоры  тәуелсіз мемлекеттіміздің  дамуы көрініс тапқан тағы бір кітаппен толыққанын, Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын оқу керектігіне тыңдаушылардың назарын аударды. 

 Букенова С.С., Құлтаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.