Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Баланың жеке қабіллетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортада жұмыс  ұйымдастырудың тиімділігін көрсетеді. Осыған орай  облыс көлемінде  мектепке дейінгі ұйыдарының тәрбиешілеріне «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтыны Ақтөбе қаласындағы №11 «Ақбота»  балабақша   базасында  оқыту семинары ұйымдастырылды.

М.Монтессори технологиясын қолданудың тәжірибедегі ерекшеліктеріне   меңгеруші  Ж.Ж. Измаева тоқталса,  балалармен ұсақ моториканы, қозғалыс координациясын дамыту, көптеген ұсақ операцияларды бірізді орындауға негізделген әдістермен  тәжірибелік аймақта  ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиешілер Т.Н Утешова., С.С. Джалмухамбетова., М.С.Хайретдинова бөлісті.

Семинарға қатысушы педагогтар М.Монтессори әдісінің  балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеуге, баланы дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретіндіктерін және  балабақшада қолданудың тиімділігін айтып, алғыстарын білдірді.

Букенова С.С., Құлтаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.