Бүгінгі әлемде төртінші технологиялық революция: шұғыл ақпараттар ағыны, жоғары технологиялық инновацияларды әзірлеу және қазіргі заманғы өмірдің барлық саласын дамытады.

Көптеген елдерде STEM білім беру түсінігі оқу бағдарламаларында белсенді түрде енгізілуде. STEM – орталықтар мен зертханалар құрылып, оларда семинарлар, тренингтер ұйымдастырылуда.

Сонымен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ мен Ақтөбе «STEM center» оқыту орталығы (бірлескен меморандум аясында) 2018 жылдың 21-ақпан күні жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пән мұғалімдеріне арналған кезекті семинар-практикум өткізілді.

Семинардың ашылуында институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.К. Кибатаева, Ақтөбе қ. STEM орталығының  басшысы  А.Иманқұлов және филиалдың кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.Қ. Дүйсенбаев STEM білім беру мәселелерін дамыту өзектілігі мен маңыздылығына  тоқталды.

Аталған мәселелерді талқылауға шығармашылықпен жұмыс жасайтын облысымыздың қала және ауыл мұғалімдері STEM - білім берудің оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

Мұғалімдер  STEM - білім берудің оқу үдерісінде қолдануда инженерлік және технологиялық мамандықтарға ынталарын көрсетуге ықпал етуде шығармашылық есептік ойлау қабілетін қалыптастыру және ғылыми – зерттеу дағдыларына бастау алатындықтарын тәжірибеде көрсетті.

STEM білім беруді енгізуде тәжірибесіне педагогтер онлайн-платформалар, зертханаларды құруды қолдайтындықтарын білдірді.

Рефлексия қорытындысында ұсыныстар қабылданып, сертификаттар табыс етілді.

 

                   

    

Нұрмұханбетова М.Ш.

 кафедраның аға оқытушысы

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.