«Өрлеу» БАҰО»   АҚ Ақтөбе филиалы, спорттық және робототехникалық білім беру республикалық қоғамының  Қазақстан федерациясы, «Ақтөбе-Дарын» АОҒТО, қалалық шығармашылық орталықтарымен  бірлескен жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы 23-24 ақпан аралығында  білім беру ұйымы оқушылары арасында кегельрингтен облыстық ашық чемпионат ұйымдастырды.

            Чемпионаттың ашылуына  Ақтөбе облысы білім беру бөлімінің бастығы Ш.Х.Шакирова,  «Өрлеу» БАҰО»  АҚ Ақтөбе филиалының директоры Н.М. Абишева, қалалық техникалық шығармашылық орталығының жетекшісі А.А. Пашкевич,  «Өрлеу» БАҰО»  АҚ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары  Н.К.Кибатаева, Қазақстан Федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.С. Гончаров қатысты.

Чемпионат дарынды балаларға қолдау көрсету мен оларды жарыққа шығару және балалардың ғылыми-техникалық  шығармашылығын насихаттау, ақпараттық-коммуникативтік  технология аясында аталған  мамандықтың беделін арттыруға бағытталды.

Чемпионат  робототехника бойынша  білім беру аясында оқушыларды техникалық  шығармашылықпен айналысуға тарту, жоғары және жаңа инновациялық  технологиялар саласында жастар мен балаларды ынталандыру мақсатында жүргізілді.  Чемпионатқа Ақтөбе облысы мектептері мен колледждерінен  41 команда қатысты.

            Қазылар құрамы«Өрлеу» БАҰО»   АҚ  Ақтөбе филиалының робототехника бойынша сертификатталған тренерлері - М.Ш. Нурмуханбетова, Р.Т.Абдиров.

            Жеңімпаздарды  дайындаған команда тренерлері «Алғыс хатпен» марапатталды.

Жеңімпаздар мен  жүлдегерлерді құттықтаймыз! Командаларды  дайындаған педагогтерге алғыс айтамыз!

Барлық қатысушыларға  жаңа жеңістер мен жетістіктер  тілейміз!

                                     

 

Нурмуханбетова  М.Ш.,

кадфедра аға оқытушысы

 

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.