«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 28.02.2018ж. «Ақтөбе облысында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында облыстық он-лайн семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте біліктілік арттыру курстарында педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру және педагогикалық дағдыларын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Он-лайн семинар-кеңеске институт қызметкерлері, аудандық (қалалық) білім беру мекеме басшылары, әдіскерлері, орта білім беру мекемелер ұжымдары қатысты. Семинар барысында институт директорының орынбасары, п.ғ.к-Н.Кибатаева 2017 жылға талдау және 2018 жылға міндеттерді көтерді.

Cонымен қатар, 2018 жылы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының жоспарымен академиялық бөлім бастығы-А.Агниязова, педагогтердің шығармашылық шеберлігін курсаралық жұмыстар арқылы ғылыми-әдістемелік жетелеуде әдістемелік қамтамасыз ету инновациялық даму бөлім бастығы-К.Рахатова, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін анықтауда мониторингтік зерттеу туралы мониторинг бөлімінің бас маманы-Ж.Меделбаева және өзінің іс-тәжиребесі аясында Шалқар білім бөлімінің әдіскері-Н.Жақсыбаева ауданда өткізілгетін педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру курстарының маңыздылығы мен ерекшеліктерін баяндап өтті.  

Семинар-кеңесте ұсыныстар қабылданып, сұрақтарға ашық микрофон қолданылды. Семинар-кеңес өз мақсатына жетті.

Камыспаева С.О.,

бөлімінің бас маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.