«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ профессорлық-оқытушылар құрамы институт директоры Н.Абишеваның басшылығымен ІІІ Республикалық «Камқор әке - бақытты балалық» форумына қатысты. Іс-шара балаларды қорғау күніне сәйкес келді, бұл форум Ақтөбе жерінде өтіп жатқандығы кездейсоқ емес, 2018 жыл облыс әкімі - «Бақытты бала» жылы деп жариялаған болатын. Облыс әкімі Сапарбаев Б.М. өзінің құттықтау сөзінде бұл оқиға балаларды тәрбиелеу, отбасын нығайту, рухани-адамгершілік дәстүрлері мен отбасылық құндылықтарды қалпына келтіру және сақтау үшін әкелердің мәртебесі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Слет жұмысына Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан делегаттар қатысты. Сөз алғандардың ішінде - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшелері, "Қазақстан әкелер Одағы" ҚҰ өкілдері және т. б.

Әкелер қозғалысының маңыздылығы, қазақстандық әкелердің проблемалары және оларды шешу жолдары, жауапты әкелердің ұрпақты тәрбиелеуі, балаларды оқытуда жеке үлгі қажеттілігі - бұл форумның басты аспектілері.

Ұжым атынан ұйымдастырушыларға форумға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз.

Қайдасов А.Ж.,

бөлімінің жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.