Қазақстан Республикасы Президентінің Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.

 

Конкурстың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

Конкурс келесідей бағыттарды қамтиды:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар;

- орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар;

- техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар;

- жоғары білімді оқытудағы заманауи технологиялар;

- қосымша білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар.

 

Конкурстың тілі:

Қазақ, орыс, ағылшын.

 

Бейнематериалдың түрі:

- дәріс;

- сабақ;

- ашық сабақ;

- практикалық/лабораториялық жұмыс;

- семинар.

 

Конкурсқа қатысу тәртібі:

-        Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан жиырма екі аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.

-        Конкурсқа педагогтер жеке дара, сондай-ақ шығаршылық ұйымдар арқылы қатысуға құқылы.

-        Конкурсқа қатысушылар беретін бейне материалдар саны шектелмейді. Әрбір  бейне материалға Конкурсқа қатысу өтінімін толтыру қажет.

-    Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейне материалдар жіберіледі.

 

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

-       1 кезең – Өңірлік

-       2 кезең  – Республикалық

 

Конкурстың Республикалық кезеңінің жүлде қоры:

Жүлделі орындар үшін ақшалай сыйақылар қарастырылған. Жүлделі орындар әрбір тақырыптық бағыттар үшін анықталады (1,2,3 орындар жиырма екі аталымға берілетін болады).

 

Конкурсқа қатысу мәселесі бойынша  мына телефон арқылы 8 (7132) 54 59 29 (e-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.) хабарласыңыз.

 

Конкурстың толық Ережесімен мына сілтеме >>> арқылы танысуға болады.  

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.