«Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ  жоспарына  сәйкес мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Зияткерлік қадамдар» атты  педагогикалық алаңның    екінші  отырысы,   2018 жылдың  8-маусым күні   «Еркемай» мектепке дейінгі ұйымында өткізілді.

Жаңартылған мазмұн шеңберіндегі «Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған шебер-класска  облыстан 25 тен астам педагог қатысты.

          Балаларды тәрбиелеудегі әкелердің мәртебесі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында педагог  А.С. Бурибаева «Вместе с папой мы дружны, вместе с папой мы сильны» атты жұмыс үзіндісін көрсетті, сонымен қатар Каргабаева Г.А.  ата-аналармен бірлесіп дайындаған «Баламның болашағы» видео-сұхбат материалын ұсынды.

Іскерлік ойын барысында А.Т.Мусина., Ж.К. Бажбанова қарым-қатынас стильдері мен түрлері туралы тәжірибе таратып, тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарттарын ортаға салды.

Шебер класс жұмысы соңында педагогтер қарым-қатынас жасаудың тиімді тәсілдерін қолдану мен коммуникативтік дағдылардың  оң ықпалын сақтау қажеттігін атап өтті.

 

 

Букенова С.С

кафедра  аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.