«Өрлеу» БАҰО» АҚ жоспары бойынша 15 маусым 2018 жылы ПҚ БАИ мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту кафедрасы Ақтөбе облысы бойынша орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімдерінің қатысуымен «ҚР білімінің мазмұнын жаңарту үдерісіндегі тәжірибеші-мұғалімнің көзқарасы» облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - мұғалімдердің «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспарларын түсіну және қолдану, білім мазмұнын жаңарту тұрғысынан критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады.

Институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Кибатаева Н.К. мұғалімнің оқу үрдісіндегі орны мен рөлі туралы жаңа көзқарас қалыптастыру, оқушыға жаңа көзқарас қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондықтан мұғалім жаңа өзгерістердің мәнін, жаңа білім сапасының мағынасын және жаңа білім беру нәтижелерін өзі түсінуі қажет. Кулшарова А.М., Әдебиетова Л.Ә., Султанова В.С., Кабылканова Л.К., Ыскакова Э.Н., Казиева М.З., Свижакова Р.М., Естөре М.Д. тәжірибеші-мұғалімдер пән бойынша оқу материалдарын

қолдану тәжірибесі, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критерийлік бағалау жүйесін қолдану жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.

Рефлексия барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру идеяларын енгізудің өзектілігін және маңыздылығын атап өтті, тиісті ұсынымдар қабылданды.

 

Қайдасов А.Ж.

жетекші маман

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.