Әрқайсысымыз өмірімізде бір рет болса да  МҰҒАЛІМГЕ  алғысымызды білдіреміз! Оқу жылының соңында өткізілген  мерекелік іс-шаралардың арасында мұғалімдерді құрметтеу салтанаты ерекше орын алады.

Республикамыздың түрлі өңірлерінен келген 80 мұғалімді қоғам тарапынан кәсіби маман ретінде танылғаны үшін  Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар ғылым академиясы «Маман мақтанышы» медалімен марапаттады.

Марапатталғандар арасында біздің әріптестеріміз – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының МАЙТАЛМАН МАМАНДАРЫ – институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Кибатаева Норслу Казангаповна және    академиялық бөлімнің бастығы  Агнязова Әлия Сакенқызы жоғары кәсіби деңгейдегі еңбегі және мұғалімдердің біліктілігін арттыруда  адал да ұзақ мерзімді  еңбек етіп, оқу үрдісінде инновациялық технологияларды және белсенді оқыту стратегияларын енгізудегі үлестері  үшін медальмен марапатталды.

Әріптестерімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыс, креативті  идеяларды, ең мықты жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыруда  сәттілік тілейміз!

Матсалаева Ж.К.

жетекші маман

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.