Қазіргі заманғы отбасы үшін еңбек ету өте маңызды. Жетістікке жету жолында үнемі өзін-өзі дамыту, білімін жалғастыру, артық жұмыс жасайтын кездерде отбасындағы баланың жан-жақты тұлға ретінде дамыту қажеттілігін, оның қызығушылығын ұмытпаған абзал...

       Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ Co-working орталығында мейірімділік күні болып, әртүрлі жастағы балалар қатысты. Институттың сертификатталған тренері А. Нуганова «Мандала өзін-өзі реттеу тәсілі» тақырыбында арт-терапиялық сабақ өткізді. Бала көпшілікпен қарым-қатынас жасап үйрену үшін 10 минут суреттегідей мандала бояп, мынадай сұрақтарға жауап берді:

-          Бояған суреттерің өздеріңе ұнады ма?

-          Қандай көңіл-күйде болдыңыз?

       Мейірімділік тақырыбында  институттың сертификатталған тренері Г. Жапақова «Мейірімділік дегеніміз не?», «Жақсы істер», «Сыпайы адам» тақырыбында еркін әңгімелесу, «Бір-бірімізге жақсы сөз айтайық» тренингі, Дүниежүзілік шоколад күніне орай балалармен «Шоколад жаңбыры» ойынын өткізді. Балалар күні бойы ойын ойнап, кітап оқып, мультфильмдер көрді.

      Co-working орталығында үнемі кестеге сәйкес сурет салу, балаларға арналған математика, ағылшын тілі, аппликация, қоршаған ортамен байланыс, шығармашылық шеберхана, спорттық ойындар бойынша сабақтар өтеді. Барлық сабақтар жүйелі түрде балалардың негізгі дағдысы мен шеберлігін дамытуға, сондай-ақ логикасына, есте сақтау, көркемдік талғамының қалыптасуына, ересектер мен құрбыларымен қарым-қатынас жасауға бағытталған.

                                                                                                                      Ермекова Н.Н.

            Co-working-орталығы

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.