Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.

   «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының педагогикалық ұжымы конкурстың аймақтық кезеңіне қатысуға ниет білдірген мұғалімдер үшін кеңестік жұмыс жүргізіп келеді.

   Кеңес беру барысында байқауға қатысу шарттары, «Өрлеу» білім порталындағы мазмұнды орналастыру ерекшеліктері, авторлық құқықты сақтау мәселелері талқыланды.

   Байқауға қатысушыларға қызықты педагогикалық идеяларды іске асыруда сәттілік тілейміз!

   Конкурсқа шығармашыл, жан-жақты ойлайтын, белсенді мұғалімдерді шақырамыз!

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.