Заманауи қоғамда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытудағы білім беру ұйымдарының негізгі қызметі – орта білім беру мазмұнын жаңарту, заманауи тәсілдерді тиімді қолдану, сонымен қатар оқу мен оқытудың  белсенді стратегияларын, Б.Блум таксономиясы негізінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалаудың тәсілдерін анықтау.

   Ақтөбе облысының білім басқармасының басқарма бастығы Л.А. Оразбаева төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте талқылау аясында аймақтағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері қаралды. Облыстық кадрлар бөлімінің бастығы Г.Жантуринаның, Н.К.Кибатаева - Ақтөбе облысындағы «БАҰО «Өрлеу» ПҚБАИ» филиалының директор орынбасары, п.ғ.к., Т.А. Акимова - Педагогикалық шеберлік орталығының филиалының директоры педагогтармен жүргізілетін жұмыстардың сапасына,мұғалімдердің кәсіби дамуын әдістемелік қамтамасыз ету, мұғалімдердің курстық және курсаралық оқыту мәселелері бойынша сөз сөйледі. Педагогтердің АКМЕ кәсіби өсуіне қатысты сұрақтар қаралды. Тәжірибеде педагог өзінің кәсіби даму жолын саралап, сұрақтарға саналы түрде жауап бере білуі керек: 

  - Өзі біліктілікті арттыру курсының қай деңгейінде?

  - Өз бетінше оқу мен дамуда неге ұмтылады?

  - Өзінің кәсіби өсуі мен шеберлігінің траекториясын қалай құрады?

  - Білім алушылардың оқуда күтілетін нәтижелерге жетуіне көмекте­су үшін не істеу керек?

  Алқада ҰБТ студенттерінің нәтижелері бойынша мұғалімнің кәсіби сапасы, педагогикалық шеберліктің кәсіби конкурстарына қатысу, білім берудің жаңартылған мазмұны аясында біліктілікті арттыру курстары бойынша оқытушылардың сапалы іріктеуі талқыланды. Осы мәселе бойынша облыс алқасының шешіміне бірқатар маңызды ұсыныстар енгізілді.

  Осы мәселені облыс алқасында қарау нәтижелері бойынша Ақтөбе филиалының қызметкерлерімен шарттардың сапасын одан әрі қамтамасыз ету, біліктілікті арттыру курстарында білім беру және оқыту үдерісі, Ақтөбе облысының білім беру басқармасымен, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерімен, ТжКБ ұйымдарымен, облыстық білім беру ұйымдарымен тиімді ынтымақтастық жөнінде кездесу өткізілді.

  Барлық білім беру ұйымдарына бірлескен жемісті жұмыс тілейміз!

 

Кайдасов А.Ж.,

Жетекші маман

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.