«Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне–cабақтар мен бейне дәрістерге қатысуға ниет білдірушілер үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы конкурстық материалдарды дайындау және ұсыну бойынша он-лайн консультациялар өткізеді.

  Әрине, кәсіби шеберлік конкурстарының маңыздылығын асыра бағалау қиын. Олар  мұғалім мамандығының беделін арттырып қана қоймай, сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұны аясында бар күш-жігерін аянбай шынайы шығармашылықпен айналысатын педагогтер арасынан ең таланттыларын анықтауға мүмкіндік береді.

  Байқауға қатысушылардың барлығына кәсіби шыңдарды еңсерудегі шығармашылық табыстар тілейміз!

 Он-лайн консультациялар аптасына екі рет: сейсенбі, бейсенбі сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін өтеді. Бейне қоңырауға WhatsApp нөміріне қоңырау шалуыңызға болады Ақтөбе филиалының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі -8-775-485-07-17; ақпараттық технологиялар бөлімі- 8-747-218-73-80.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.