«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы филиалының  Co-working-орталығында балаларға арналған саяхат ұйымдастырылды. 

Көңілді гимнастикадан басталған бұл күн «Бәрін білгім келеді» сұрақ-жауап ойынымен жалғасты. Бұдан әрі балалар педагогикалық мұражайға саяхат жасап, онда   институт тарихымен, түрлі экспонаттармен және №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі, қолөнер шебері Н.С.Жақыбаевтың жеке көрмесіндегі    қазақтың ұлттық  ыдыс түрлерімен танысты.

Мұражайда өткізілген саяхаттың ең бағалы сыйлығы – қазақтың ұлттық ойындарының бірі - асық ойыны болды. Ұлттық құндылықтың  бастауы болатын, мергендікке, ептілікке, батылдыққа, шешімділікке баулитын асық  – балаларды бірден ойын қызығына кенелтті. Міне асық ойынының кереметі осында! «Атыспақ» ойынында жақсы нәтижеге жеткен балалар бұл күнді көңілді өткізді.

 

Назарбаева Р.К.,

Co-working-орталығы маманы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.