Ойын балаларды достастырады, қарым-қатынастарын нығайтады. 2018 жылдың 22 тамызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы филиалындағы  Co-working-орталығында жиналған балаларға «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы С.С.Букенова әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген, зейін тұрақтандыруға  арналған «Ән айтамыз, сөйлейміз, ойнаймыз» тренингін  ұйымдастырды.

Бұл күні орталықта әрбір қатысушының жеке қасиеттерін арттыру үшін әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлау икемділігін барынша дамытуға мүмкіндік беретін достық атмосфераны құру басты  бағытта тұрды.

             «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Кім байқағыш?», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап» т.б. дидактикалық және қозғалыстағы ойындарға балалар  құлшына қатысты.

             Әр түрлі ойындардың қызығына кенелген   балалар  көңілді   ризашылықпен тарады.

             

  

Назарбаева Р.К.

Co-working-орталығы маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.