30 тамыз -  Конституция күніне орай «Өрлеу» БАҰО АҚ  Ақтөбе облысы ПҚБАИ  ақпарат орталығы «Конституция – өркениет пен мәдениеттің тоғысы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу тарихы, отандық тарих ғылымында тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан жаңа тарихи көзқарастар және ғылыми айналымға қосылған тарихи деректерді қамтитын кітаптар қойылды. Қазақ, орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «.... бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам - қайырымды қоғам» деген Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзінен басталған Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы «...екі мыңжылдықтың тоғысындағы ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу – Астананы құру» деген Н.Назарбаевтың жүрекжарды ойынан бастау алады. Бұнда қала шежіресі, Елорда эстетикасы, Астана аңсары деген тараулардан құралып елінің игілігі үшін халықтың мәдениеті мен өркениеті кең қамтылған.

Ал,үштілді,фотосуретті энциклопедиялық «Қазақстан» басылымы оқырмандарды еліміздің облыстары мен басты қалаларының картасы, ландшафтысы, табиғаты, климаты, әлеуметтік жағдайы мен тарихымен таныстырады. Бұл жоғары дәрежедегі тартулық басылым. Е.Ш. Шаймерденовтың «Елтаным» кітабы- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы жан-жақты ғылыми-көркем пайымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттарға адалдық, ұлттық құндылықтарды, отаншылдық сезімдерді оятуға бағытталған. «Елтұтқа» кітабында 150-ге тарта әйгілі тарихи тұлғалар туралы ғылыми мағлұмат берілген.  

Көрме уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан алынған  басылымдар және ұлық тұтар ұлы заңының мәртебесін арттырар кітаптармен топтастырылды.

Мәңгілік елдің тұғыры болар Конституция күнімен құттықтай отыра, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық ,елімізге тыныштық тілейміз!

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.