«Тиімді сабақ, белсенді әдіс, нәтижелі тәжірибе»  тақырыбындағы

облыстық  байқау ЕРЕЖЕСІ

 

І. Жалпы ережелер

«Тиімді сабақ, белсенді әдіс, нәтижелі тәжірибе»  тақырыбындағы облыстық кәсіби байқауы жаңартылған білім беру жүйесіне көшу аясында біліктілікті арттыру курсының сертификатталған ШЖМ және орта мектептердің жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық пән мұғалімдері үшін (бұдан әрі - Байқау) Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы жоспарына сай өтіледі.

 ІІ.  Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты: білімдендіру үдерісінде жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұнын жүзеге асыру жағдайында Ақтөбе облысының сертификатталған педагогтарының шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасау.

Байқаудың міндеттері:

  1. Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу аясында біліктілікті арттыру курсынан өткен,сертификатталған педагогтарының шығармашылық іс-әрекетін уәждеу;
  2. Тиімді сабақ, белсенді әдіс, нәтижелі тәжірибе бастамашылығында табысты сабақ беретін пән мұғалімдерінің іс-тәжірибесін айқындау;
  3. Ақтөбе облысының сертификатталған мұғалімдер тәжірибелерін таратуда  ашық алаң құру.

ІІІ. Байқауды өткізу, ұйымдастыру және қортындылау

Байқауға  ШЖМ және орта мектептердің жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық пәндер циклінің сертификатталған  мұғалімдері қатыса алады.

Кәсіби байқау 2 кезеңнен өтеді:  1 кезең (сырттай): сертификатталған пән мұғалімдері ең үздік  1 сабағының  толық талданған қысқа мерзімді жоспары жоспарының (бұдан әрі - ҚМЖ) электрондық түп нұсқасы мен қатысу өтінімін 25 қазанға (2018) дейін төмендегі Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. почтасына жіберу сұралады.

Ұйымдастырушы комитет байқау Ережесіне сәйкес 2018 жылдың  25 қазанына дейін  келіп түскен қатысушының ең үздік толық талданған ҚМЖ-ының электрондық түп нұсқасын  жинақталған бағалау критерийлері  арқылы іріктейді. Іріктеуден өткен қатысушы байқаудың облыстық 2 кезеңіне  жіберіледі  (Қосымша 1,2)

2 кезең (облыстық) -  «Үздік сабақ, озат тәжірибе» панорамалық сабақты қорғау (7минут)   

Облыстық кезең 2018 жылдың 09 қарашасында институт базасында өтізіледі.

Кәсіби байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және «Тиімді сабақ», «Белсенді әдіс», «Сәтті сабақ», «Нәтижелі тәжірибе» номинациялары сертификаттарымен марапатталады. Байқауға қатысушылардың тәжірибелері институттың видео - контент БАНК-сіне іріктеліп, «Өрлеу» білім беру порталына ұсынылады.

Ұйымдастыру комитеті

 

 

Қосымша 1

 

«Тиімді сабақ, белсенді әдіс, нәтижелі тәжірибе»  тақырыбындағы

облыстық кәсіби байқауына қатысуға

ӨТІНІМ

 

Қатысушының толық аты-жөні

 

Аудан (қала)

 

Білім ұйымының толық атауы

 

Лауазымы

 

Оқытатын пәні

 

Жұмыс өтілі

 

санаты

 

Курстан өткен мерзімі

 

Тренердің аты-жөні

 

Мекен-жайы

 

Электрондық поштасы

 

Желілік байланыс нөмері

 

 

 

 

    Қосымша 2

 

Ең үздік  толық талданған ҚМЖ сабақты бағалау критерилері

 

Бағалау критерилері

Ұпайлар саны

1

Жаңартылған  оқу бағдарламасының идеяларын білу

5

2

Оқу мақсатына жетуде оқушы қажеттілігін қанағаттандыруды түсіну

5

3

Белсенді әдістерді қолдануды дәлелдеу

5

4

Сараланған тапсырмалар тәсілдерін  талдау

5

5

Тиімді бағалау жолдарын қолдану

5

6

Тәжірибесінің болашағы туралы ой қозғау (рефлексия)

5

                             БАРЛЫҒЫ

30

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.