Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты 2018 жылдың 15 қазанынан 15 қарашаға дейінгі   аралықта білім беру ұйымдарының кітапханашылары арасында патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағытталған «Рухани жаңғыру – ұлт мұраты» атты облыстық онлайн байқау өткізіледі. Конкурсқа  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде өткізілген жұмыстар (кітап (дәстүлі және виртуалды) көрмесі, буктрейлер, жоба, әдеби - музыкалық шаралар т.б.) қабылданады.

Ақпарат беруде ескерілуі тиіс мәліметтер:

Ақпаратты ұсыну  жаңа форматтағы жаңашылдықты, ізденімпаздықты  көрсетуі және  жаңа  үлгідегі әртүрлі тәсілдерді қолдануымен ерекшеленуі тиіс. Жіберілген материалдар төмендегідей номинациялар бойынша жинақталып,   жұмыстың  өткізілгендігін дәлелдейтін фото-суреттер, мәтін  үзіндісі немесе монологы,  көрсетілген әдебиеттердің  библиографиялық сипаттамасы болуы шарт. Қатысушы осыған дейінгі сайыстарда жіберген жұмыс формасын қайталамауы тиіс.

 Ұсынылатын номинациялар:

  •  «Рухани жаңғыру – болашақ бағыты»
  •  «Туған өлкеңді өзгеден бұрын таны»
  • «Цифрлы кітапхана – мектепте»

Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын  е-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. поштасына 2018 жылдың 15 қарашаға дейін жібере алады.

Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz  сайтында  жарияланады.

Сайыс жеңімпаздары диплом және сертификаттармен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8 (7132) 245414, 87023924131 - институт кітапханасы. 


Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.