Бәрімізге белгілі, тіл дамуының  қоғамда, ұлтаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастарда рөлі маңызды. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялағаннан кейін қазақ тілін латын қарпіне көшіру жобасының да өзектілігі күннен-күнге артуда.

Дәстүрлі шараның жалғасы ретінде үстіміздегі жылдың 19 қыркүйек күні  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы латын әліпбиіне көшу жөніндегі президенттік идеяны қолдау мақсатында «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың негізі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Ауқымды шараға қоғам қайраткерлері, облыс педагогтері, жас ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.

Сондай-ақ,  Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің басшысы М.А.Жанасова, Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің маманы Д.Нұрмұхамедова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы АО ПКБАИ аға оқытушысы Г.К.Жапақова Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауын іске асыру, үштұғырлы тіл саясатын насихаттау, тілдерді оқыту курсының жайы мен ынтымақтастық байланыс туралы өз ойларын ортаға салып, қазақ тілінің әлем тілдерімен бәсекеге қабілетті болуы әрбір маманның қолында екендігін тілге тиек етті.    Әңгіме барысында қазақ тіліндегі кірме сөздер мен терминдерді заманауи түрге келтіру мәселесі талқыланды.

Тілді қастерлеу, оны заман ағымына сай қолдану аясын кеңейту, мәртебесін асқақтату әрбір қазақстандықтың борышы.

Тіл төңірегінде жасалынып жатқан жаңашылдықтар мен реформаларды жарқын болашаққа қаланған ҚАЗАҚСТАННЫҢ  іргетасы деп білеміз.

Жапакова Г.К.,

кафедрасының аға оқытушысы, магистр

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.