ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ  «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

        «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жедел жоспарға сәйкес «Қазақстандық білім және спорттық робототехника «КазРоботикс» Федерациясымен бірлесе «Робототехника: табысты болашақ жолында» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.    

Өткізу мерзімі: 18 қазан 2018 жыл.

Конференция мақсаты: оқыту үрдісінде робототехниканы дамытудағы өзекті мәселелерді және оның табыстылығын талқылау.  

         Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Робототехниканы дамыту аясында кәсіби қоғамдастықты қалыптастырудағы мәселелер және даму болашағы.
  2. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі: робототехникадағы психоэмоционалды және социогуманитарлық аспектілер.
  3.  Робототехникадағы  когнитивті технологияларды тәжірибеде қолдану. 
  4. Сайыстық робототехниканың интеллектуалды дамыған тұлға қалыптастырудағы маңызы.   

        Конференцияның жұмыс тілі: қазақша, орысша

     Конференцияға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының және ПШО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, тренерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ТжКБ, орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, робототехника орталықтарын қатысуға шақырады. 

      Конференцияны өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86,        «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты».

        Материалдар 2018 жылдың қазанның 5-не дейін қабылданады.

          Ақпараттық ресурс: конференция материалдарының жинағы филиалдың  orleu-aktobe.kz сайтында жарияланады.  

          Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастырушылық комитеттің мекен-жайына қажетті ақпараттарды жіберуіңіз керек: 

  1. Конференцияға қатысу өтініші. (Қосымша1)
  2. Мақала/баяндама мәтіні. (Қосымша2)
  3. Электронды пошта мекен-жайы: «Конференция» деген белгісімен.

       Ұйымдастыру комитеті:     «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасы

       Мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86

       e-mail : kafedra-ndo@mail.ru  

       Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7132) 54-91-88.

       Ұялы телефондар:   8-701-132-05-16  Нурписова Рыскуль Коянбаевна

                                8-701-782-57-82    Абдиров Раушанбек Тулгабекович 

Ұйымдастыру комитеті

 

Қосымша 1

 

«Робототехника: табысты болашақ жолында»

атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІШ

 

1

Тегі, аты, әкесінің аты

 

 

2

Жұмыс орны, қызметі

 

 

3

Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты

 

 

4

Мақала тақырыбы

 

 

5

Байланыс телефоны

 

 

6

Электронды пошта мекен-жайы

 

 

7

Қатысу формасы  (іштей, сырттай, он-лайн)

 

 

 

Қосымша  2

 

Материалдарды көркемдеуге қойылатын талаптар:

 

-        файл атауы – тегі_қала (мысалы: Ахметова_ Ақтөбе);

-        формат – кез-келген нұсқа MS Word

-        көлемі – үш беттен бес бет аралығында А-4 форматында – кітаптық орентация;

-        шрифт – Times New Roman; кегль – 12; таблица үшін – 11;

-        қызыл жиек: сол жақ - 2,5 мм, оң жақ, жоғарғы, төменгі - 2,0 мм;

-        жоларалық интервал – бірлік;

-        тегістеу – көлденеңнен;

-        қызыл жиек – 1 см;

-        бет номерлері – номерсіз;

-        графиктер, суреттер, схемалар, Word алынған құралдарын міндетті түрде топтастыру;

-        әдебиеттер ссылкасын номерлеу, ссылка номері тік жақша арқылы беріледі. «Әдебиеттер» бөлімі ортасы бойынша тегістеледі, 12 кегльмен қою  шрифтпен жазылады.

 

         Мақала атауы – ортасында, жартылай қою ғаріптермен, тасмалдамай, төменде екі интервалдан кейін – автордың тегі, аты, әкесінің аты, E-mail (авторлар – 3 адамнан аспауы қажет) – ортасында, жартылай қою ғаріптермен, төменде бір интервалдан кейін тегінің астына – жұмыс орны, төменде екі интервалдан кейін – мақала мәтіні.

         Егерде ұсынылған материалдар конференция тақырыбына, мазмұнына  және талаптарға сәйкес келмесе, ұйымдастыру комитеті автордың жұмысын жарияламауға құқығы бар.

 

                                    

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.