«Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ  жоспарына  сәйкес мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Зияткерлік қадамдар» атты  педагогикалық алаңның    үшінші  отырысы,   2018 жылдың  26-қыркүйек  күні   

№ 15 «Жидек» мектепке дейінгі ұйымында өткізілді.

Мемлекеттік стандарттарды іске асыру мақсатында педагогтер  балалармен  бірлесіп ұйымдастырылған «Удивительный мир театра»,  және  «Путешествия в страну дорожных знаков» тақырыбындағы жобаларды іс жүзінде көрсетті.

Жоба әдісі оқытудың заманауи инновациялық әдістерінің бірі болып табылады, ол білім берудің белсенді әдістерін колдануға мүмкіндік береді.  Педагог Бунчук Н.Н., Балко Н.Н., Муртазина Л.Ж., Улитчева И.Ф. Уразгалиева Б.А. жобалық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау бойынша жұмыс жүйесін көрсете отырып, психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелерін анықтап  балалармен жеке жұмысты және отбасымен өзара байланысты көрсете білді.

Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар кәсіби қарым-қатынас үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдіре отырып, жобалық қызметті енгізу педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал ететін  атап өтті.

                                                                                                   Букенова С.С.,

кафедра  аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.