Институт жоспарына сай  2018 жылдың қыркүйек  айының 28-і күні  «Өрлеу» БАҰО»  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар Ақтөбе қаласындағы №39 «Достық» мектепке дейінгі ұйым  базасында ұйымдастырды.

Балабақша меңгерушісі А.Уркембаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын барлық білім беру үрдісіне интеграциялау жолдарына  тоқталды. Пилоттық білім беру мекемесінің  тәрбиешілері В.Чипегина, Г.Дүйсенқұлова баланың ішкі әлеуетін ашу мақсатындағы сабақта жалпыадамзаттық құндылықтарға зор мән беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

«Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік  білім беру Бағдарламасын тәжірибеде жүзеге асырудағы пайдаланылған ізгі  әдіс-тәсілдер семинарға қатысушы педагогтерді шабыттандырғанын  айтып, алғыстарын білдірді. Семинар соңында  барлық  қатысушылар «Мейірімділік  шуғы» әнін орындады. 

Култаева Л.А.,

 «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік  білім беру Бағдарламасының тренері

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.