Ақтөбе облысының  ақпараттық-насихаттау тобы қазан айының 11-12 күндері Байғанин ауданының шалғайдағы Алтай, Миялы, Диар, Оймауыт елді мекендерінде Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысын түсіндіру жұмыстарын бастады. Ақпараттық-насихаттау тобының құрамына институттың кафедра меңгерушісі, п.ғ.к, доцент  А.Қ. Дүйсенбаев енді.

Насихаттау тобы Елбасы Жолдауында айтылған адами капиталды дамыту міндетін жүзеге асыру, білім берудің озық үлгісін қалыптастыруға үлес қосу, алдағы уақытта қабылданатын «Педагог мәртебесі туралы» заңы, жастар саясатын белсенді ету секілді ауқымды міндеттерге тоқталып өтті .  Түсіндіру тобымен бірге п.ғ.к, доцент А.Қ.  Дүйсенбаев тұрғылықты халықпен кездесіп, олардың өзекті сұрақтарына жауап берді.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта облыстың басқа  аудандарында да өтетін болады.

Дуйсенбаев А.К.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.