«Казроботикс», «STEM centr», Ақтөбе қаласы Назарбаев зияткерлік мектебімен өзара серіктестік туралы Меморандум аясында «Сандық Қазақстан» бағдарламасы идеясын енгізу бойынша жүйелі, көп жоспарлы жұмыстар жалғасын тауып келеді.

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні институтта жоғарыда көрсетілген серіктестіктің нәтижесі ретінде отандық білім беру жүйесінде робототехниканы тарату және дамыту мәселесі бойынша белсенді талдау жүргізілген «Робототехника: табысты болашақ жолында» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева шараны ашып, қатысушыларды бір мақсатқа бағыттады.

Робототехниканың болашақтағы бағыттары мен мәселелері ортаға салынған  пленарлық отырыста Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары, п.ғ.к. Н. К. Кибатаева,  «Қазақстандық білім және спорттық робототехника «КазРоботикс» Федерациясының вице-президенті А. С. Гончаров, «IT және "STEM center" инженериясы» мектебінің жетекшісі А. У. Иманкулов, НЗМ информатика пәні мұғалімі, «Қазақстандық білім және спорттық робототехника «КазРоботикс» Федерациясының Ақтөбе облысы филиалының директоры                   Б. С. Шоқанов,  Ақтөбе қаласы №52 «Құлагер» МДҰ әдіскері В. Т. Көпешова, Ақтөбе қаласы, №56 ЖББОМ, информатика пәні мұғалімі Ж. Қ. Тұрсынбаев, Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі, информатика пәні мұғалімі  С. Т. Алтыбай баяндама оқыды.

     Конференция тақырыбының өзектілігі мен ғылыми-практикалық бағыты  қатысушы педагогтердің үлкен қызығушылығын туғызды,  материалдар жинағына енуге  120-дан астам өтініштер келіп түсті.

     Белсенділікпен ерекшеленген  секция отырыстарында  сындарлы диалог, пікірлер мен тәжірибе алмасу қатар жүрді. Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді, нәтижесінде материалдардың электрондық жинағын жариялау жоспарланып, тиісті ұсыныстар берілді

     

  

Абдиров Р.Т.,

  робототехника бойынша сертификатталған тренер

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.