Білім беру жүйесіндегі жаңа жүйе бойынша интербелсенді әдістер арқылы педагогтердің тәжірибе алмасуын шыңдау мақсатында 2018 жылдың 6 қарашасы күні, Ақтөбе қаласы №60 ЖББОМ те «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы интербелсенді әдістер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Мендегі көңіл-күй...» тренингінен бастау алған шара барысында «Келешек» желілік қауымдастығы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПКБАИ, педагогикалық шеберлік орталығы, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық мамандары және педагогтер «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас», «Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктері», «Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті», «Жаңартылған сабақ жоспарын құру», «Жаңартылған бағдарлама бойынша қолданыста жүрген әдіс-тәсілдер», «Интербелсенді әдістерді тәжірибеге енгізу арқылы жеткен жетістіктер» тақырыптарында жұмыс түрлері жүргізіліп, өзекті мәселелер ортаға салынды.

Рефлексия кезеңінде «Сыйға тартқан желпуіш...» әдісімен кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар бүгінгі күні қозғалған түйткілді мәселелер мен тәжірибеде қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің тиімділігін талқылап, ойларын ортаға салды, семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Семинарға келушілер ұжым ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, тың тақырыптар аясына қанығып, біліп қоржындарын толықтырғандарын алға тартып, ерекше көңіл-күймен тарасты.

 

Жұбаева Ж.О.,

кафедра аға оқытушысы, магистр

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.