«Б.Блум таксономиясы – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында оқытудың тиімділігін бағалау әдісі» тақырыбында 2018 жылдың 8 қарашасында «Өрлеу БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ»   базасында   облыстық әдістемелік семинар- практикум  өткізілді.

Семинар  мақсаты:  Жаңартылған білім беру мазмұны аясында математиканы оқытуда  Блум таксономиясы негізінде  оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту және тиімді бағалау біліктерін жетілдіру.

Семинар жұмысына облыстың 25 мұғалімі қатысты.

Семинар  аясында мұғалімдер  белсенді оқыту стратегияларын қолданып, өздерінің шағын сабақтарына оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалары, сонымен қатар критериалды бағалау жөнінде іс-тәжірибесімен  алмасты.

Семинар жұмысының кері байланыс парағында мұғалімдер Блум таксономиясы негізінде бағалауды нақты түсінгендерін, сындарлы кері байланысты, рефлексияның маңыздылығынсжәне осы семинардан   оң әсер алғанын, мазмұнының терең болғанын, көптеген мәселелер бойынша нақты ақпараттар ала алғанын баяндады. 

 

Сулейменова  С.К.,

кафедра аға оқытушысы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.