2018жылдың 12 қараша күні   «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы  бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтында  «Шағын жинақты мектеп проблемалары мен оны шешу жолдары»  тақырыбында облыстық панельді сессия  өтті.

Панельдік сессия жұмысында шағын жинақты мектептің бастауыш класс мұғалімдері Ажмухамбетова Тамара Иксановна  (Ойыл ауданы, Жаксыбайкөл НМ), Жолшина Батима Сатановна  (Ойыл ауданы, Қарасу НМ), Ташенова Амина Конысбаевна (Хромтау ауданы, Қызылсу ОМ), Беркутшина Алла (Мұғалжар ауданы, Елек НМ), Романкулова Толқын Ерешовна (Ақтөбе қаласы №54 ОМ), Мустафин Бауржан Жанбаевич (Мартук ауданы, №1 ОМ), Юденко Юлия Юрьевна-(Мартук ауданы, Хазрет ОМ)  белсенділік танытты.  

Панельдік сессиядағы мәселелерді  талқылау  барысында шағын жинақты мектепте  білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасын енгізудегі қиындықтар мен оны шешудің жолдары қарастырылды. Сессия жұмысын қорытындылауда білім беру мазмұнын жаңарту аясында   оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруде  әдістемелік ұсынымдар қабылданды. 

Аталған шараны қорытындылауда қатысушылар  тақырыптың өзектілігін,  тәжірибеге бағытталғандығын атай келе,  «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушыларына  ризашылықтарын  білдірді.

 

Шаштыгарина С.М, Нуганова А.Г.,

кафедра аға оқытушылары

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.