«Педагогикалық идеялар панорамасы - 2018» конкурсының көптен күткен республикалық кезеңі де келді. Ақтөбе облысының мұғалімдері білім беру мазмұнын жаңарту аясында кәсіби шеберлігі мен кәсіби дамуын көрсете отырып, байқауға белсенді қатысты.

Біздің облысымыздан республикалық кезеңге 22 бағыт бойынша 66 бейне-сабақ жіберілді. Бейне-сабақтар «Өрлеу» БАҰО» АҚ білім беру каналында жарияланған. Конкурстың шарттары бойынша бейнероликтер он критерий бойынша бағаланады. Олардың біреуі – «YouTube» сайтындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  білім беру  каналындағы қаралымдардың санына байланысты (сілтеме https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g/playlists?view=50&sort=dd&shelf_id=8).

Сондықтан біз барлық педагогикалық ұжымдарды, студенттерді, ата-аналарды, жұртшылықты бейнероликтерді қарауға, өз пікірін білдіруге, басқа қоғамдық желілермен бөлісуге, біздің шығармашыл ұстаздардың жұмысына баға беруге шақырамыз!

Бейнеролик 1000-нан астам пікірлерді, комментарийлер мен хабарламаларды жинаса, жақсы деңгейден көрінеді (қаралымдар саны - 500 - 0 ұпай, 501-ден 1000-ға дейін - 1 ұпай, 1001-ден астам  - 2 ұпай).

Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша ең жақсы жұмыстар марапатталады.

Құрметті педагогтер! Ақтөбе облысы мұғалімдерінің – біздің  әріптестердің кәсіби жұмысын бағалауда белсенді болыңыздар! Олар сіздің қолдауыңызды күтуде!

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.