«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ 2018 жылды табысты аяқтады. Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстарында  барлығы 877 педагог, оның ішінде 72% - ауылдық білім беру ұйымдарынан оқытылды.

Курс аясында  шығармашылық топтарда жұмыс істей отырып  тренингтік оқыту режимінде, педагог-психологтар, мектепке дейінгі және интернаттық ұйымдардың тәрбиешілері, алғашқы әскери дайындық, мемлекеттік тіл, математика, физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері өздерінің кәсіби білімдерін жаңартты. Робототехниканы дамыту, мектепте өлкетану жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша білімдерін толықтырды. Курсты институттың сертификатталған тренерлері мен  профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізді.

«Өрлеу» БАҰО»  АҚ Басқармасының басшылығымен облыстың жас педагогтері үшін бірқатар жобалар іске асырылып, мектепке дейінгі  ұйымдардың  70 әдіскерлері мен тәрбиешілері, робототехника  дамыту бойынша 125 педагог біліктілігін арттырған курстар оң нәтиже берді.           Біліктілікті арттыру курстарында оқитын барлық педагогтар үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Есет батыр мемориалдық кешеніне, Ә.Молдағұлова мұражайына, «Жұбановтар әлемі»  мұражай үйіне  және т. б. экскурсиялар ұйымдастырылды.

Әрбір курста өткізілген рефлексия нәтижесінде  мұғалімдер қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың өзектілігі мен маңыздылығын, мазмұндылығын ерекше атап өтті, сондай – ақ ұйымдастырушылар  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасына және оның филиалына шынайы  ризашылықтарын білдірді.

Курс соңында педагогтар курстан кейінгі кезеңде кәсіби деңгейде кездесу мен қарым-қатынастың маңыздылығын бірауыздан мойындады. Облыс мұғалімдеріне жаңа әдістемелік идеялар мен  жобаларды іске асыруда,  инновациялық тәжірибе алмасуда табыс тілейміз.

А.Айбусиновa,

академиялық бөлімінің бас маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.