Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» саяси бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2018 жылы 22-қарашада облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен «Қазақ тілінің жаңа әліпбиі – тіл жаңғыруының басты тетігі» тақырыбында сұхбаттық алаң өткізді.

Жұмыстың мақсаты: облыстың филологтарымен қазақ тілінің жаңа әліпбиі, сондай-ақ, жаңа әліпби бойынша қазақ тілі емлесінің ережелері (жоба), ондағы ерекшеліктер мен жаңалықтарды талдау, пікірлесу.  

Сұхбат  барысында  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ф.ғ.к. К.Ә.Қондыбай  және Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту» орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы, «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесінің менеджері Д.Б.Нұрмұхамедова жаңа әліпбидің емле, ережелерімен таныстырып, олардың ерекшелігі туралы талдаулар жасады. Шараға қатысушы филологтар да жаңа әліпбидің емлесі туралы кейбір мәселелі сұрақтарды қойып, айтылған ойға өздерінің пікірлерін де қосып отырды.

Жұмыстың қорытындысы қатысушылармен жаңа әліпбиі бойынша құрастырылған мәтіндерді бірлесе оқып, үйренуге бағытталды. Мұғалімдер мәтіндерді қызыға оқып, белсенділік танытты. Сонымен қатар,  шара соңында барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

А.С.Сугурбаева,

кафедра аға оқытушысы, п.ғ.м.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.