БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА КІТАПХАНАШЫЛАР АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ОБЛЫСТЫҚ ИНТЕРНЕТ- САЙЫСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ереже

1.1. Білім беру жүйесі кітапхана мамандарына арналған “Ең үздік кітапхана сайты” атты облыстық онлайн-конкурс өткізіледі.

1.2 Бұл Ереже  сайыстың өткізілу тәртібін, сайысқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптарды, сайыс қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды.

2. Конкурстың мақсаты және талаптары 

2.1. Сайыс мақсаты: Кітапхана пайдаланушыларының қызметін тиімді ұйымдастыратын ең үздік кітапхана сайттарын анықтау және қолдау. Кітапхана қызметкерлерінің АКТ-ны қолдану шеберлігін жетілдіру.

2.2. Сайыс міндеттері:

  • кітапханашылардың  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда кәсіби құзіреттілігін дамыту;
  • кітапхана қызметтерін алға жылжытуда озық тәжірибені насихаттау; 
  • кітапхана жұмысындағы инновациялық іс-тәжірибелерді енгізуде кітапханашылардың  кәсіби  біліктілігін жетілдіру. 

3.     Конкурстың өткізілу тәртібі

3.1.  Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын  қазақ және орыс тілдерінде жібере алады.

3.2. Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын электронды түрде 2018 жылдың 26 қарашасынан  12 – ші желтоқсанына дейін жібере алады.

3.3.Бекітілген уақыттан кейін жіберілген конкурстық жұмыс қабылданбайды.

3.4.Ұйымдастыру комитетінің функциясы:

  • cайысты ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • сайыс жұмыстарын қабылдау;
  • ереже талаптарына сай келмейтін сайыс жұмыстарын қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығару;
  • сайыстың талаптарға сай өтуін қадағалау;

3.5. Сайыс жеңімпаздарын  Ұйымдастыру комитетінің мүшелері анықтайды.

3.6. Сайысқа қатысу сайыс талаптарына  келісімін    білдіреді.

3.7 Сайыс материалдарын Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. электронды поштасына жіберу қажет.

4. Бағалау критерийлері

Жазбаларды бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
4.1 мазмұны: көрнекілігі, өзектілігі, ақпараттылығы, таныстырудың қолжетімділігі, материалдардың практикалық құндылығы, түрлі материалдар категориялары (жаңалықтар, мақалалар, презентациялар, фото галереялар және т.б. сайттағы материалдардың жалпы саны); 
4.2 қазақ, орыс тілдері ережелерінің сақталуы –сайт контентінің сауатты болуы;
4.3 сайт навигацияларының қолайлылығы –міндетті тіркеуден өтпей қарау қолайлылығы;
4.4 дизайн: стилдің бірлігі, түсі мен пішіні, сайттың стилистикалық тұтастығы.
Материалдарды құру және жобалауға шығармашылық көзқарас, өзіндік пішіндерді және орындау элементтерін пайдалану;
4.5 интерактивтілік - сайттан іздеу, сауалнама, кері байланыс, қонақ кітабы, форум және т.б.

5.     Марапаттау

5.1. Сайыс жеңімпаздарының материалдары «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz жарияланады.

5.2. Интернет-сайыстың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.

 

                                                                                                Ұйымдастыру комитет

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.