«Білім беру  ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында өткізілген курс барысында Елбасының жаңадан жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кітапханашылар мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қызу талқылады.

Қатысушылар екі бөлімінен тұратын мақалада айтылған «Архив-2025», түркітанушылардың Дүниежүзілік конгресі, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын» ашу,  «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік кітаптар сериясы, «Ұлы дала» ежелгі өнер және технологиялар мұражайы, «Дала фольклорының антологиясын»   жасау  міндеттерін орындау өз тарихын бағалайтын жас ұрпақ тәрбиелеуге жасалған нақты қадам екендігіне тоқталды.

Мақаланы талқылау барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Тарихқа негізделген бағдарламалық мақала  - бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеудің негізі бола отырып, еліміздің тарихы мен мәдениетін насихаттауға бағыт беретіндігін айтты. Мақалада айтылған 6 жобаны ризашылықпен қабылдайтынын айтып, аса маңызды әрі жауапты міндеттерді жүзеге асыруға белсенділік танытып, бірлесе атқаруға шақырды.

 

Ермекова Н.Н.,

ақпараттық орталық

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.