«Өрлеу» БАҰО» АҚ қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруге байланысты 2018-2020 жж. арналған кезеңдік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2018 жылғы 29 қараша күні «Латын әліпбиі – келешектің кілті» тақырыбында республикалық on-line семинар өткізді.

 Онлайн семинар жаңа қазақ әліпбиінің негізгі емлелік ережелерін түсіндіруде   туындаған өзекті мәселелер мен әдістемелік ұсынымдарды талқылауға арналған пікірлесу алаңын құруға бағытталды.

Семинарды институт директорының орынбасары,п.ғ.к. Н.К.Кибатаева  ашып, жаңа қазақ әліпбиі тіл саясатының басты ұстанымы екендігіне назар аудартты.

Республикалық семинар жұмысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультеті деканы, АӨМУ профессоры, ф ғ.д.  Г.К.Садирова,  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің  аға оқытушысы Б.Ө.Ербатыр, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің маманы Д.Нурмухамедова, Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.Жанасова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен сертификатталған тренерлері және  жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері онлайн режимінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, латын графикасына негізделген жаңа әліпбиіне қатысты  әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымы,  ондағы басты жаңалықтар республикалық семинар барысында талқыланып,  педагогтер арасында ғылыми-танымдық терең көзқарас  қалыптасты.

Нәтижесінде, ғалымдар мен педагогтердің  талқылауы арқылы қатысушылар  жаңа әліпбидің емле ережесі жобасының ерекшеліктері мен жаңалықтарын түсінуге мүмкіндік алды.   Тіл жанашырлары «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтының профессор-оқытушылар құрамына шынайы алғысын білдірді. 

 

Г.К.Жапакова,

кафедра аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.