«Төл тарихын білетін, бағалайтын жəне мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін». Бұл  Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақ мəдениетінің дамуы мен кең құлаш жаюына барынша мүмкіндік жасаған дана басшы Нұрсұлтан  Назарбаевтың халқына арнаған жүрекжарды сөзі. Елін бейбітшілікке, парасаттылыққа жетелеген, кеңістік пен уақыт тарихнамаларын саралаған  Елбасы –Қазақстан халқының ерен тұлғасы.

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ақпарат орталығында «Менің елім – Қазақстан» тақырыбындағы Тұңғыш Президент күніне арналған интерактивті сабақ өткізілді. Сабақ мақсаты: рухани жаңғыру құндылықтарын дамыту, ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ізеттілік, ұлттық дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағаттың шыңдалуына өзіндік  үлес қосу.

Интерактивті сабақты Ақтөбе қаласы гуманитарлық колледж студенттерінің тарихи деректерге сүйене отырып дайындаған Ұлы даланың жусан иісі аңқыған алғашқы баспалдақтары мен әлеуметтік қоғамның  жаңаруы мен жаңғыруындағы     құндылық көздерінің жауһарларына тоқталуы көрнекілендіре түсті. Пікірлесу барысында студенттер мен қатысушылар рухани жаңғырудың болашақтағы бағыттарын қызу талқылап, өз ойларын нақтылай жеткізді.

Бұдан әрі сабақ «Ақтөбе - Өрлеу» ұжымында жалғасын тауып, филиал директоры Н.М. Абишева Тұңғыш Президент күнімен барлық қатысушыларды құттықтады.Ұжым мүшелері Ақтөбе қаласы әкімі    мен  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі атынан кәсіби еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталды. Өрлеуліктер тобы Ақтөбе облысы әкімияты ұйымдастырған «Мәңгілігін мәнерлеген Елбасы» атты мерекелік шараға  шақырылды. Құттықтаймыз!!!

 

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.