«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ақпарат орталығында «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе - ақын, публицист, жазушы, «Адырна» республикалық әдеби журналының бас редакторы,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Бастау», «Жетіген», «Ширақ ғұмыр» т.б. жыр жинақтарының, «Жел өтіндегі тағдыр», «Бейуақтағы мінажат» кітаптарының авторы Мейірхан Ақдәулетұлымен кездесу өтті.

Ақтөбе жастарына өзіндік тағылымымен әсер еткен, ұрпағына айтары мол ақын аға орыс поэзиясының алыптары А.Блок, А.Ахматова, А.Вознесенский секілді ақындардың өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған, адамзаттың ортақ қазынасына айналған  Т.Буркхардтың «Шығыс пен Батыстың киелі өнері», Э.Фроммның «Психоанализ және дзен-буддизм», Ф.Шюонның «Исламды ұғыну», М.Аджидің «Қыпшақ Даласының жусаны» кітаптарының аудармашысы.

Кездесу барысында қатысушылар қазіргі поэзия мен ақынның жыр жинақтарынан, жалпы, өмір өткелдерінен  қойылған сұрақтарға  толыққанды жауап алды. Мағыналы да, мәнді  сұхбат  қатысушыларға   өмірлік құштарлыққа толы әсер берді.

                                                                                                                     

           

Назарбаева Р.К.,

 ақпарат орталығы маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.