Елбасы Н.Ә.Назарбаевты  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ақпарат орталығы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе Қазақстан Республикасы «Бейбітшілік және келісім» кеңесі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Келдібай Еспағамбетовпен болған кездесуге қатысты.

Заман ағымындағы  жақсы істердің  жаршысы бола білген ардагер, өзінің еңбек жолы мен ел Тәуелсіздігіне қосқан үлесін, жастарға елін сүюге, ұлттың рухани мұрасын  дәріптеуге  бастайтын істерге құлшына кірісуде мақсат етуге жетелейтін бағыттарды ашып айтты. Жастар жылында қоғамдағы болып жатқан жаңалықтардың  жанашыры бола білу - ертеңге деген нық сенімді қалыптастыратынын жеткізді. Ардагер еліміздегі жастар саясатының ізгілікті істеріне көңіл толарлық жақсы тілектерін арнады.

Шара соңында Келдібай Еспағамбетов қойылған сауалдарға жауап беріп, естелік суретке түсті. 

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.