«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы және Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжімен бірлесіп «Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың мақсатты бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру – қоғам алдындағы ең өзекті және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығы.

Институт директорының орынбасары п.ғ.к. Н.К. Кибатаева аталған мәселенің маңыздылығын айта келе, қоғам тарапынан қолайсыз ықпалға ұшыраған жасөспірімдердің көптігіне назар аударды. Баяндама жасағандар: Е.К.Балимов – М.Бөкенбай атындағы Заң институтының кафедра меңгерушісі, К.З.Сансызбаева «Өрлеу» институтының аға оқытушысы, С.Ж.Кельбетова – Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ құқық және экономика факультетінің декан орынбасары, Л.Х.Тайланова – Ақтөбе қаласының прокуроры, «Отбасы-Мектеп-Қоғам» бірлестігінің тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау маңыздығын атап өтті.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының мамандары, Ақтөбе қаласындағы байланыс, теміржол, гуманитарлық-техникалық колледждердің тәрбие ісі жұмыстары бойынша орынбасарлары, қалалық ресурстық орталығының қызметкерлері құқық бұзушылықтын алдын алу бойынша шешуді қажет ететін бірқатар маңызды ұсыныстарды ортаға салды. Орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары директорының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасарларының қызметін күшейту бойынша, сонымен қатар «Мәңгілік Ел» болашақ азаматтарын тәрбиелеуде ата-аналар мен педагогтердің маңызды рөл атқаратыны туралы қызу пікірталас болды.

Семинар өз мақсатына жетті, қорытындысында әдістемелік ұсынымдар қабылданды.

 Матсалаева Ж.К.

жетекші маман

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.