2018 жылдың 12 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кітапханасының меңгерушісі, магистр Н.Н.Ермекова С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Оқу орны мен әлеуметтік серіктес талабының ұштасуы жағдайында білікті маман даярлаудың жолдары» тақырыбындағы облыстық конференцияға қатысты.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, облыстық, қалалық, аудандық кітапханалардың директорлары мен кітапханашылар және студенттердің қатысуымен ұйымдастырылған конференция ақпараттық және кәсіби кеңістікті қалыптастыруда, әлеуметтік серіктестік қатынастардың нығаюын қамтамасыз етуде атқарылатын іскерлік іс-тәжірибені меңгерту жолдарын анықтады.

Шара барысында Ақтөбе – Өрлеу кітапханасы туралы Н.Н.Ермекова «Кітапхана – жеке тұлғалық дамудың аймағы» атауымен кітапхана процесін автоматтандыру жағдайы мен кітапхана аралық қарым-қатынаста жаңаша бағыттағы істерді, сонымен қатар, сандық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ашылған Co-working – орталығындағы алаңдық жұмыстарды әріптестер назарына ұсынды. Одан әрі институт кітапханасында өндірістік практикадан өткен Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Кітапхана ісі» факультетінің 3 курс студенті Бағдатқызы Аяжан практика кезінде атқарған тәжірибе жұмыстары мен өткізілген шараларына тоқталды.

Қатысушылар заманауи ағымдағы кітапхана ісінің талапқа сай жүргізілуінде әлеуметтік серіктестік талаптарды орындай отыра, білікті де шебер маман даярлаудың өзіндік алар орыны ерекше екендігін мақұлдады.

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.