ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Ақтөбе автожол колледжінің бірлескен жоспарына сәйкес «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге институттың инновация бөлімінің бас маманы С.Бектенгалиев, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың БАҚ және жұртшылықпен байланыс бөлімінің меңгерушісі С.Мәмбетова мен оқу залының меңгерушісі Г.Алтаева, колледждің пәндік әдістемелік бірлестік комиссияларының төрайымдары мен колледж оқытушылары, кітапханашылар, білім алушылар қатысты.

Дөңгелек үстелде ҚР ПРезидентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған Қазақстанның өткені мен болашағы туралы айтылған мәселелер талқыланды. Шындығында, тарих жолы ұлттық болашағын құрудағы даңғыл жол болмақ.

Кездесу барысында қатысушылар жас ұрпақты тәрбиелеудегі Елбасының жаңа жолдауындағы идеяларды негізге алу жөнінде өз пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел Елбасының жолдауда көрсеткен жаңа жобаларын жүзеге асыру бойынша қатысушылардың оң көзқарастарын білдіретін рефлексиямен аяқталды.

Матсалаева Ж.К.

жетекші маман

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.