«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ақпарат орталығында «Әдістемелік басылымдар панорамасы» атты 2018 жылғы жарық көрген әдістемелік құралдарды қорытындылауға арналған презентация өткізілді. Шара аясында институттың профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми еңбектеріне арналған «Ұстаз еңбектерінен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғылыми-әдістемелік құралдар мен әдістемелік ұсынымдардың құрастырушылары және облыс педагогтары қатысты. Институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Кибатаева Н.К. алғы сөзінде ұсынылған ғылыми және әдістемелік басылымдардың білім саласындағы соңғы отандық және шетелдік зерттеулерге негізделгендігін және олардың маңыздылығын атап өтті.

Одан әрі «Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к.доцент А.Қ.Каплиева шығарылған әдістемелік құралдарда, педагогтың шеберлігі мен тағылым деңгейінің биіктігі жатқандығын, соңғы кездегі талқыланып жүрген педагог мәртебесін көтеру мен педагогтардың дәрежесін айқындау мәселесі білім берудің сапасын арттыратындығын баса айтты.

«Инновациялық технология және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің» басшысы п.ғ.к. Е.С.Давлеткалиева әдістемелік құралдардың заманауи талапқа сай және қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамытуда маңызы екендігін жеткізді.

Шара барысында институттың редакциялық-баспа бөлімінен шығатын республикалық, ғылыми-әдістемелік «Әдіскер жаршысы» және ақпараттық-педагогикалық «Педагогикалық даму» журналдарының материалдары ұсынылды.

Презентацияға қатысушылар көрсетілген әдістемелік құралдардың мәнділігіне жоғары баға беріп, зерттеушілік іс-әрекеттің заманауи педагогтың жұмысындағы басты мақсаттардың бірі екендігін айқындады.

                                                                                

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.