ZhasProject жобасының басты мақсаты – жастарды қоғамның өміріне тарту, қоғамның игілігі үшін әлеуметтік дағдыларды дамыту. Жастар корпусын дамыту жобасы –Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жоба болып табылады. Жобаның өңірлік жетекшісі – Байменова Куралай Базарбаевна.

Облыстың қоғамдық өміріне қолдау көрсету және оған белсене қатысу – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы қызметінің бірі.

«Біз - мұғалімдер, қоғамды жаңғырту жағдайында жастарға белсенді түрде қолдау көрсетуге тиіспіз, өйткені олар жаңа идеялардың генераторы болып табылады. Жастар еліміздің болашағы ғана емес, бұл бүгінгі күн», - дейді институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе облысы бойынша ZhasProject гранттық жобасының сарапшысы Абишева Нургүл Молдабаевна. Бұдан басқа, институт грант алушы жеңімпаздарға арналған білім беру тұғырнамаларының жұмысына көмек көрсетіп, филиалдың coworkihg орталығында үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдардың табысты өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырды.

Бүгін Нургул Молдабаевна Алға ауданы әкімдігі ұйымдастырған «Jas Barus - 2018» жас волонтерлердің облыстық слетінің құрметті қонағы болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Облыстық слетке жастар ұйымының белсенділері, ауыл жастары, колледждер мен ЖОО студенттері, мектеп оқушылары, жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері қатысты. Барлығы 400-ден астам адам қатысты.

Слет аясында ZhasProject бағдарламасы бойынша қаржылай грант ұтып алған Алға ауданының 14 әлеуметтік жастар жобасының тұсаукесері өтті. Бұл жобалардың жетекшілері – Алға аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Сисен Темірлан Серікұлы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының жетекші маманы Отарбаева Лаззат Лайхатовна.

 

 Слетке қатысушыларға жемісті еңбек тілейміз!

Матсалаева Ж.К.

жетекші маман

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.