Халықаралық ғылым және инновациялық технологиялар академиясының ұйымдастыруымен өткен «Марапат-2018» салтанатты рәсіміне Орынбор, Шымкент, Ақтөбе қалаларының жоғары оқу орындарынан құрметті қонақтар, өңірлік білім беру ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының әкімшілігі, қалалық білім бөлімі мен облыстық оқу-әдістемелік орталықтың өкілдері де қатысты.

2018 жылдың үздік марапатына мектепке дейінгі ұйымның, орта білім беру ұйымдарының басшылары, ең үздік басшылар мен педагогтер «Үздік басшы», «Зерделі ұстаз», «Ұлағатты ұстаз», «Маман мақтанышы» медаліне ие болды.

Педагогтердің кәсіби шеберлігі мен өз ісіне адалдығына тәнті бола отырып, барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта жеңістер мен жетістіктер шыңына жетуге тілектеспіз!!!

Біз – өрлеуліктер серіктесіміз – Халықаралық ғылым және инновациялық технологиялар академиясымен табысты ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз.

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.