2018 жылдың 24 желтоқсанында инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы мен институттың ақпараттық орталығында инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бірлесіп «Білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалімнің тұлғасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын талқылауға қатысты.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: өмір сүру сапасы мен табыстың артуы» тақырыбы бойынша мұғалімнің мәртебесі мен рөлін арттыру - ел дамуының бағдарламалық құжаты.

Кіріспе сөзді институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.Қибатаева өз сөзінде Жолдаудың тарихи маңыздылығын атап өтті.

Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Л.Л. Отарбаева Ақтөбе облысындағы «Жас жоба» жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасының жастар саясатының бағыттарын айқындау туралы баяндама жасады.

Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылды және ақпараттық орталығының маманы Р.К.Назарбаева осы тақырып бойынша әдебиеттерге библиографиялық шолу жүргізілді.

Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдіріп, ұжым Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің одан әрі дамуындағы саясатын толығымен қолдайтынын және Жолдаудың мақсаттарын іс жүзіне асыру үшін барлық күш-жігерін салатындығын атап өтті. Бұл үшін институттың, кафедралардың және бөлімдердің жаңа тапсырмаларды орындау бойынша жұмыс жоспары түзеледі.

 

 М.Т.Адилханова

Кафедраның аға оқытушысы, магистр

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.