Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Е.Бектұрғановтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті. Видеотрансляция арқылы өңірлік комиссия мүшелері, оның ішінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы өкілдері де қатысты.

Комиссия мәжілісінде «Мұғалімнің мәртебесі туралы» және «Оқушы мен мұғалімнің жүктемесін төмендету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары талқыланды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваның, Қазақстан салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары А.М.Мұқанованың сөйлеген сөздері мазмұнды болды. Сонымен қатар қатысушы тұлғалар да қосымша білім беру мұғалімдерінің, ТжКБ ұйымдарының мәртебесін жоғарылату бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Республика бойынша ұсынылған жобаларға өзгерістер мен түзетулер енгізу бойынша ауқымды жұмыс басталады. Педагогтер қауымдастығын осы мәселелерді талқылауға қатысуға шақырамыз!

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.