«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-ның Ақтөбе облысы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментімен бірлескен жоспары бойынша «Біліктілігін арттыру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы педагог мәдениетін дамыту» жобасы аясында құрастырылған тұжырым негізіндегі жұмыстар өз жалғасын табуда.

Жоба мақсаты: білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру негізінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және жемқорлықтың болуына «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру жолында сыбайлас жемқорлыққа қарсы педагог мәдениетін дамыту. Мақсатты жүзеге асыруда жоба міндеттеріне сәйкес теориялық және пратикалық сабақтар түрінде келесі жұмыстар жүргізілді: оқыту семинарлары, дөңгелек үстел, акция, жемқорлықтың жағдайын бағалау және диагностикалық зерттеу, болжам жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдау және себебін анықтау.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті 2018 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай өз үлесін қосқан үздік ақтөбеліктер ескерілді, соның ішінде, аталған жоба координаторы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ инновациялық даму бөлімінің бас маманы С.А. Бектенгалиевтің жұмысы бағаланды.

Құттықтаймыз!!! Кәсіби табыс және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.